Көлсай көлдері туры

Біз сізге бастан-аяқ қазақ тілінде толыққанды қызмет көрсетеміз!

Көлсай көлдері — Күнгей Алатаудың Саты асуынан бастау алатын өзендердің суынан пайда болған көлдер жүйесі. 3 көлден тұрады. Олар қазіргі Алматы облысының  Кеген ауданы жерінде орналасқан. Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 330 км жерде. Қырғызстан шекарасынан 10 км қашықтықта. 

Көлдердің сипаттамасы:

  • Төменгі көл: теңіз деңгейінен 1800 м биіктікте, ұзындығы — 1 км, ені — 400 м, тереңдігі — 80 м. Жақсы жолы мен инфраструктурасы бар. 

  • Ортаңғы көл: теңіз деңгейінен 2200 м биіктікте, 3 көлдің арасындағы ең үлкені әрі ең әдемісі. Төменгі көлден 5 км жерде. Оған жаяу немесе атпен бару керек. 

  • Жоғарғы көл: теңіз деңгейінен 2800 м биіктікте. 3 көлдің ең кішісі. Ортаңғы көлден 4 км жерде. Оған да жаяу немесе атпен бару керек. Шекараға жақын болғандықтан бару үшін ресми рұқсат қағаз алу керек. 

Бүгінде көлдер «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрамында. Парктің флорасы ғана 700-ден астам түрді қамтиды. Қазақстанның қызыл кітабына енген алтын адонис, тяньшань адонисі, Шренк шыршасы сияқты өсімдіктер кездеседі. Фаунасы да сан алуан: бір ғана омыртқалы жануарлардың өзі 20-дан асып жығылады. Одан басқа 4 түрлі балық, 197 құс пен 29 сүтқоректі мекендейді. 

Көлсай көлдері несімен әйгілі? Таудың таза ауасы, ну орман, қарағайлар, мөлдір су, ағысы қатты өзен, керемет әдемі табиғат, аң мен құс адамға өте жағымды әсер етеді. Қаладағы күнделікті өмірден шаршап шалдыққандарға Көлсай көлдеріне саяхат — миды демалтудың тамаша мүмкіндігі. Адамдар тіпті шетелден осы көлдерді көруге келеді. Көлдің маңындағы жайлы қонақ үйлер, тамақ ішетін ресторандар мен кафелер, дүкендер мен бутиктер, жалға берілетін ескек қайықтар мен мінетін аттар, барынша замануи жалғыз аяқ соқпақтар (тропинки) адамдардың емін еркін демалуына арналған. Жоғарыда аталғандар Көлсай көлдерін барынша танымал туристік орын етеді. 

 
 
Турдың программасы:
 
07-45 - Абай даңғылы мен Байтұрсынұлы көшелерінің қиылысындағы тұрақта группа жиналады.
08-00 - Группа жолға шығады. Жолда көлдер туралы ақпарат беріледі. 
12-00 - Төменгі көлге жету. Жаяу серуендеу. 
16-45 - Группа тұрақта жиналады. 
17-00 - Группа қалаға қарай жолға шығады. 
21-00 - Қалаға жету. Үйге қайту.
*уақыт өзгертілуі мүмкін
 
Турға кіреді:
  • транспорт
  • гид
  • билет

 

Турдың бағасы бір адамға — 18 000 тг.

  • Транспорт Mercedes Sprinter микроавтобусы
  • Салонда максимум 15 экскурсант, 1 гид және 1 шофер болады
  • Балаларға, зейнеткерлерге, студенттерге жеңілдіктер қарастырылған
  • Тур тек аяқ-қолы бар, дені сау адамдарға арналған
  • Инвалидтерге, моторикасы нашарларға арналған лифт, пандус жоқ!
 
Турдан бас тартқан кезде:
  • 4 күн бұрын  төлем 100% қайтарылады
  • 3 күн бұрын  төлем 50% қайтарылады
  • 2 күн бұрын  төлем 0% қайтарылады
*Форс-мажор жағдайында төлем қайтарылмайды!
 
Бірге алып жүру керек:
  • жеке куәлік немесе паспорт — МІНДЕТТІ түрде!!!
  • жолда/көлде сауда жасау үшін қағаз ақша мен мәнеттер
  • су мен тамақ; болмаса көлде сатып алуға болады
  • спорттық немесе серуендеуге ыңғайлы киім мен аяқ киім
  • ауа райына қарай қалың киім мен сулық (дождевик)
 
Ескертулер: 
  • кешіккенде, келмегенде ешкім ешкімді іздемейді және күтпейді
  • жолда/көлде ұялы желі, интернет жөнді ұстамайды
  • қоқыс тастауға қатаң тыйым салынады
  • тау-тасты аралағанда абай болу керек
  • көлде ескек қайықпен жүзуге болады
  • көлде ат мініп жүруге болады
  • фотоға түсуге, түсіруге, селфи жасауға болады
  • гид радио сияқты тоқтаусыз сөйлемейді
  • гид бала бағушы (нянька) сияқты группаны ертіп жүрмейді 
  • гид тек алып барады, жол көрсетеді, артынан алып қайтады 
  • тыныш барып, тыныш қайтамыз
  • артық сөзсіз және қимылсыз, бір-бірімізді құрметтейміз!
 
Көлсай көлдеріндегі тауарлар мен қызметтердің бағасы шамамен:
  • қайықпен жүзу: 1 қайық 30 минутқа 5000 тг жалға беріледі
  • ат мініп жүру: 1 ат 1 сағатқа 8000 тг жалға беріледі
  • 1 шампур кебаб (шашлык) 1500 тг тұрады
  • 1 литр қымыз 1500 тг тұрады
 
Біздің жұмыс графигіміз:
Дүйсенбі-Жұма
10:00 мен 18:00 арасы
 
 
Біздің контактілер:
8 727 000 00 00 
Қоңыраулар тек жұмыс уақытында қабылданады!!!
WhatsApp/СМС хабарламалар  24/7!!!
2022sep
 
Отындық тұтынушыға  халықаралық деңгейдегі қонақжайлылық!

BALTAS - Almaty tour operator
Address: Rayimbek Ave 348, Almaty
Phone (Whatsapp available):
+7 (747) 234 7358
Work schedule: daily from 10-00 till 20-00